Ресей бір жыл бұрын ұстап алған украин кемелерін еліне қайтарды - на politic.bugin.kz
Алашұлы - на politic.bugin.kz Алашұлы

"Норман төрттігі" үшін

2018 жылы қарашада Керчь бұғазына кеп, Ресей шекарасына кіріп кеткен үш украин кемесі Ресей тұтқынынан босап, еліне қайтпақ. Ресей оны қайтаруға дайын. Мұны «Коммерсант» басылымы хабарлады.

Басылымның жазуынша, Ресей билігі 9 желтоқсан күні Парижде өтетін «норман төрттігі» саммиті алдында Украинамен мәселе болмас үшін әскери кемелерді қайтаруға бел буып отыр. Кемені беру рәсімі теңізде өтеді. Ресейдің үш буксер кемесі Қара теңіздің ортасына дейін сүйреп апармақ, кейін оны украин кемелері тіркеп әкететін болады.

Кеменің әскери қару-жарақтары тәркіленіп алынады. Бұл ресей тарапынан ашылған қылмыстық іске дәлел ретінде алынып отыр.

Айта кеткен жөн, өткен жылы 25 қараша күні Украинаның үш әскери кемесі Қырымға жақын Керчь бұғазына кеп, қауіпті маневр жасап, ресей әскерилерінің бұйрығына бағынбаған көрінеді. Сондықтан оларды ұстауға тура келген. Кейін бұған қылмыстық іс ашылып, 24 украин әскери теңізшісі тұтқынға түсті. Олар қыркүйекте Украинаға қайтарылды.

Енді кеменің өзі қайтарылғалы отыр.


0 Пікір Кіру