Боливияда әскерилер халықтың толқуын басудан бас тартты - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Бірақ әскерилер биліктен жағдайды ушықтырмауды сұрап отыр

Боливия әскерилері халықтың президентке қарсы наразылық шерулерін басудан бас тартты. Әскердің ішкі саяси істерге араласпайтыны туралы Қарулы күштердің қолбасшысы Уильямс Калиман мәлімдеді. Бірақ әскерилер биліктен жағдайды ушықтырмауды сұрап отыр.

Еске сала кетейік, Боливияда наразылық шерулері қазанның 20-сы күні президенттік сайлаудан кейін басталды. Оған конституциялық соттың президент Эво Моралестің жеңіске жеткендігі туралы шешімі себеп болды. Оппозиция бұған наразылық білдіріп, қақтығыстар басталды.

Соңғы мәліметке сәйкес, 3 адам қаза тауып, 380 адам жарақат алған. 

Inbusiness.kz

0 Пікір Кіру