Ердоған: Түркия Сириядағы әскерін әкетпейді - на politic.bugin.kz
Orash - на politic.bugin.kz Orash

Лаңкестерді құрту керек

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркия басқа елдер әскери күштерін шығармайынша, Сириядан кетпейді деп мәлімдеді және Анкара күрдтерге қарсы шекара шабуылын олар аймақтан шыққанға дейін жалғастыратынын айтты, деп хабарлайды Түркияның  “Aljazeera” ақпараттық сайты.

Өткен айда Түркия күрдтердің YPG (Халықты қорғау бөлімшелері) қарулы тобын өз шекарасынан шығарып, екі миллионға жуық босқынды қорғау мен Сирияның солтүстік-шығысында «қауіпсіз аймақ» құру үшін үшінші әскери шабуылын бастаған болатын.

8 қараша жұма күні журналистермен сөйлескен Ердоған Түркия басқа елдер кеткеннен кейін ғана Сириядан кететінін айтты. Күрд содырлары Түркияның шекарасын тастап кеткенге дейін соғысады. 

Одан бөлек, күрд содырларының (YPG ) АҚШ әскері демеушілігіндегі Сирия демократиялық күштерінің (SDF) маңызды құрамдас бөлігі екенін айтты.

- Сириядан өзге елдер кетейінше біз де кетпейміз, - деді Ердоған сөз соңында.

0 Пікір Кіру