АҚШ Сербияға: Егер Ресейден қару сатып алсаңдар, санкция саламыз - на politic.bugin.kz
Plumeria - на politic.bugin.kz Plumeria

Ал Сербия болса, Ресейден қару сатып алды

Белград Ресейдің «Панцирь-С» зениттік-зымырандық жүйелерін сатып алғанын хабарлады. Мұны ТАСС агенттігі хабарлады. 

АҚШ Балқан елдеріне Ресейден қару сатып алмауға, алған жағдайда, санкция саламыз деп ескерткен болатын. Алайда соған қарамастан Сербия Ресейден заманауи зениттік зымыран жүйелерін сатып алып, елге жеткізе бастады. 

- Біздің серб серіктестеріміз мқндай келісімдерге мұқият болады деп үміттенеміз, - деген еді АҚШ-тың Батыс Балқандағы арнайы өкілі Мэттью Палмер Alsat-M-ге берген сұхбатында.

Сербия Еуропалық Одаққа  кіргісе келеді, бірақ Ресеймен де одақтастығын бұзғысы келмейді. Белград НАТО-ға кірмеуге уәде берді және Украинаның шығысындағы қақтығысқа байланысты Ресейге қарсы Батыс санкцияларына қосылудан бас тартты.

Ресей Сербияға Балқан аймағындағы көршілердің алаңдаушылығын тудырған жойғыштармен, шабуылға арналған тікұшақтармен және әскери танктермен қамтамасыз ету арқылы өзінің әскери күшін нығайтуға көмектесті.

Бұрынғы Югославияның 1990 жылдары ыдырауы кезінде Сербия көршілес Хорватия, Босния және Косово елдерімен соғысқан болатын.

Сербия президенті Александр Вучич сейсенбі күні мемлекеттік теледидарға берген сұхбатында Сербия Ресейден қорғаныс қаруын сатып алатынын айтты және ол АҚШ-тың кез-келген санкцияларынан немесе «Америкаға қарсы тұрудан» аулақ болғысы келетіндігін қатар жеткізді.

- Сербия қарулануда, өйткені біз НАТО-ға мүше мемлекеттермен қоршалған еркін елміз әрі НАТО-мен дос болғымыз келеді, - деді Вучич Сербияның «тоқсаныншы жылдардағыдай әлсіз болуына» жол бермейтіндігінін хабарлап.


0 Пікір Кіру