37 жастағы қазақстандық әйелге халықаралық іздеу жарияланды - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Елордалық тәртіп сақшылары қандай бір ақпарат болса, полицияға хабарласуды сұрайды

Астаналық полиция халықаралық іздеу жарияланған алаяқ әйелді іздестіріп жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Криминалды полиция басқармасы әйелдің аса ірі көлемде алаяқтық жасағанын атап өтті.

"1982 жылы туған Сарсенова Мәдина Мырзабекқызы аса ірі көлемде алаяқтық әрекетке барды. Оған халықаралық іздеу жарияланды", - делінген қалалық полиция департаметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Тәртіп сақшылары тұрғындардан көмек сұрады.

"Бұл адам туралы қандай да ақпарат болса, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментіне (Бейбітшілік көшесі, 19) немесе 8(7172) 71-60-10, 71-60-22 телефондарына хабарласуды сұраймыз", - делінген хабарламада.

0 Пікір Кіру