Бразилия билігі БРИКС саммитін күзету үшін астанаға әскер жинауда - на politic.bugin.kz
Plumeria - на politic.bugin.kz Plumeria

Саммит жоғары дәрежеде өткізілмекші

Бразилия үкіметі келесі аптада БРИКС-тің 11-ші саммитінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін астанаға әскер бөлімдерін орналастыруда, деп хабарлайды Regnum.ru.

- БРИКС саммитіне қатысатын мемлекет және үкімет басшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қарулы күштерді пайдалануға 1 қарашадан 15 қарашаға дейін рұқсат етілді, - деді жиналыста Бразилия Жоғарғы сотының төрағасы Антониу Диаш Тофоли.

Саммит аймағында орналасқан жоғарғы соттың қызметкерлерін аккредиттеу туралы ақпарат жоғарғы сот мүшесінің наразылығын тудырған еді.

- Республика президентінің жарлығы сот жүйесінің басқару органының қалыпты жұмысын бұзуда, - деді Рикарду Левандовски.

Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка Республикасы басшыларының қатысуымен БРИКС саммиті 13-14 қарашада елдің Сыртқы істер министрлігінің штаб-пәтері Итамарати сарайында өтеді. Саммитте БРИКС бизнес-форумы мен бірқатар екіжақты кездесулер болады.


0 Пікір Кіру