Алматыда жолақы қымбаттай ма? - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

7 жылдан бері жолақысы 80 теңгеден асқан жоқ

Алматы қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Әділовтың пікірінше, жолақы бағасын көтеру мәселесі әлі талқыланған жоқ. Бүгінде әкімдіктің есептеуі бойынша жолаушылардың қоғамдық көлікпен бір рет діттеген жеріне жету құны 250 теңге. Ал жолаушылар төлейтін тариф пен негізгі жүру құны арасындағы айырмашылық қала бюджетінен төленіп келеді.

«Әрине, бюджетке салмақ салмаған жақсы. Тарифті жоғарылату керек болатынбыз. Алайда әлеуметтік жағдайға байлансты бұл мәселе талқыланбайды. Егер аталған сұрақ қарастырылса барлық жерде талқыланып, қоғамдық кеңес, комиссия құрылар еді. Бүгінде қоғамдық көлікпен бір рет діттеген жеріңе жету орта есеппен 250 теңге тұрады. Дегенмен 7 жылдан бері жолақысы 80 теңгеден асқан жоқ. Себебі тасымалдаушыларға айырмашылық қала бюджетінен төленуде»,– деді Ерлан Әділов.

Әкімдік әлемнің көптеген қаласындағы жолақыға зерттеу жүргізген. Нәтижесінде Мадридте жолақсы теңгеге шаққанда 644 теңге, Прагада – 366 теңге, Мәскеуде – 300 теңге, Минскіде – 117 теңге екені анықталған. Бұдан бөлек жыл соңына дейін автопарктер 450 автобусты жаңартуды көздеп отыр.

«Соңғы жылдары Алматы автопарктері 1331 автобус сатып алған және жаңартқан. 2016 жылы – 155, 2017 жылы – 479, 2018 жылы – 479 автобус. Ал биыл – 400-450 автобус. Сондай-ақ, «Алматыэлектротранс»  жеке қаражатына 260 автобус сатып алды. Ал жеке тасымалдаушылар қатарға жаңа 150-200 автобус қосқан. Ал биылға жоспарланған 450 автобустың 222-сі қазір жолаушыларға қызмет көрсетуде»,-деді Ерлан Әділов.

inbusiness.kz

0 Пікір Кіру