Фатима Жақыпова қызметінен босатылады - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Депутат білім вице-министрінің отставкаға кетуін талап еткен болатын

Ведомство басшысының кеңесшісі Ерболат Мұхамеджан білім вице-министрі  Фатима Жақыпованың қызметінен босатылатынын хабарлады. Ол бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазған.

"Білім және ғылым вице-министрі Жақыпова басқа қызметке ауысуына байланысты қызметінен босатылады. Қазіргі уақытта осы лауазымды тұлға басқа жұмысқа ауысуына байланысты заңнамаға сәйкес атқарып отырған қызметінен босату бойынша келісу рәсімі жүргізілуде", - деп жазды ол.

Еске сала кетсек, 7 қараша күні сенат депутаты Еділ Мамытбеков плагиат дауына байланысты білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованы отставкаға жіберуді талап еткен болатын.

Сенатор бір айдан астам уақыт бойы отандық БАҚ пен шетелдік ұйымдар қазақстандық вице-министрдің плагиатын талқылап жатқанын алға тартты. Оның айтуынша, қазір әлемде мойындалған екі антиплагиаттық жүйе басқа біреудің ғылыми жұмысын пайдалану фактісін растап отыр.

Мамытбеков Үкімет басшысы Асқар Маминге жолдаған депутаттық сауалында ғылыми қоғам мен жоғары білім жүйесін өзге елдер алдында Қазақстанның беделін түсірген лауазымды тұлғаның масқарасынан құтқаруды талап етті.

0 Пікір Кіру