Трамп Волкерге Конгреске куәлік бергені үшін алғыс білдірді - на politic.bugin.kz
Plumeria - на politic.bugin.kz Plumeria

Украинадағы АҚШ-тың экс-арнайы өкілі Конгресте куәлік берді

АҚШ президенті Украинадағы АҚШ-тың экс-арнайы өкіліне жақтасқаны үшін алғыс білдірді. Бұл туралы Трамп 6 қараша, сәрсенбі күні өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

- АҚШ-тың Украинадағы өкілі Курт Волкерге рахмет, ол конгресте сөйлеген сөзінде «Сіздер менен бұл туралы quid pro quo, et cetera (қызмет үшін қызмет және т. б. – ред.) не сөйлескенімді сұрадыңыздар. Ештеңе. Өйткені мен қызмет үшін қызмет бар екенін білмедім" деп жауап берді. Жалмауыздарды аулау! - деп жазды Трамп.

Еске салсақ, АҚШ Өкілдер палатасының барлау комитеті АҚШ-тың ЕО-дағы елшісі Гордон Сондленд пен Украинадағы бұрынғы арнайы өкілі Курт Волкердің толық стенограммаларын жариялаған болатын.

Волкер сонымен қатар Джо Байден Украинаның бұрынғы бас прокуроры Виктор Шокинді қызметінен босатуды сұрағанда заң бұзбағандығын айтты.

0 Пікір Кіру