Жас ғалымдар Бақытжан Сағынтаевқа ғылымдағы проблемалар туралы айтты - на politic.bugin.kz
Құсқанат Айым - на politic.bugin.kz Құсқанат Айым

Қандай проблема қозғалды?

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Алматыда Ғылым академиясында еліміздің жас ғалымдарымен кездесті. 

Кездесу барысында қаржыландырудың жеткіліксіздігі айтылды. Жас ғалымдардың пайымынша, докторанттардың 80 мың теңгені құрайтын шәкірақысы тым аз, техникалық жарақтандыру мәселесі де өзекті болып отыр. Ғалымдар ғылыми мақалаларын ең беделді басылымдарда жариялаумен қатар, олардың ғылыми ағылшын тілін үйренуге ынталандыру қажеттілігі айтылды. 

Барлық сөйлеушілерді мұқият тыңдаған Үкімет басшысы кездесуді қорытындылады. 

«Сіздер анау жоқ, мынау жоқ дейсіздер, ал ғылымның өзі қайда? Мен содан қорытынды шығарамын. Дөрекілеу айтар болсам: «Менен не қалайсыздар? Қайдағы ғылым, егер менде мұның барлығы да болмаса?» дейтін сияқтысыздар. Сондықтан мұны екі бөліп қарау керек. Бірінші ғылымды дамыту жайында не айтады және екіншісі ғылымның дамуына не кедергі келтіріп отыр. Астанаға жеткен соң хаттама жасап, бөлу қажет. Сізбен бірге отырып, зерттеуге гранттар қалай бөлінеді және басқа да мәселелерді талқылаймыз. Барлығы жазу керек және ненің қалай болатындығын, жалпы мәселе түйінінің қалай шешілетіндігін түсіну қажет», - деді Бақытжан Сағынтаев Білім министрі Е. Сағадиевке қарата айтқан сөзінде. 

Үкімет басшысының атап өтуінше, техникалық мәселелер шешімін тауып жатыр. 

«Зертханаларға қатысты, алдымен оның кімге керектігін жасау қажет. Қытайда, Сингапурда болдым, оларда мұндай зертханалар өте көп. Шағын бөлме, 5 адамнан тұратын ғылыми топ сүт безі обырын зерттеуде. Ол зертханада барлығы бар. Бір, екі жыл жұмыс істеп, нәтижеге қол жеткізгеннен кейін орныңнан тұрып кете бересің, басқалары келеді. Сен басқа жерге барып әзірлемеңді сатасың, жұмысқа орналасасың. Қазір онкология жайында айттық. ЭКСПО павильондары базасында ғылыми-инновациялық технопаркін жасайтын боламыз және осындай зертханалар қойғымыз келеді», - деді Үкімет басшысы. 

Сөз соңында Премьер-Министр бұл кездесу соңғы емес екендігін ескертті.

Дереккөз: ҚазАқпарат 


0 Пікір Кіру