Ғабидолла Әбдірахымов бюджеттің жарты миллион теңгесін үнемдеген - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Бір ай автобуспен жүріп

Шымкент қаласының бұрынғы әкімі, қазір премьер-министр Асқар Маминнің кеңесшісі болып отырған Ғабидолла Әбдірахымов, естеріңізде болса, 2017 жылы әкім болып тұрған кезінде қызметтік көліктен бас тартып, бір ай бойы автобуспен жүрген еді. 

Өзі ғана емес, бүкіл әкімдік бір ай бойы жаяу жүрген болатын. Ал одан үнемделген қаржы мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы түрінде берілген көрінеді.

Одан кейін Әбдірахмановты автобустан көрген ешкім болмады. Соған қарағанда, акциясы бір айға ғана созылған сынды.

Ал Шымкент қаласының қазіргі әкімі Ерлан Айтаханов экс-әкімнің бір ай бойы автобуспен жүріп қанша қаржы үнемдегенін айтты. 

- Ғабидолла Әбдірахымов бұл акцияны қоғамдық көліктің кемшіліктері мен заңбұзушылықтарын анықтау үшін ұйымдастырдған еді. Қызметкерлер бір ай бойы қызметтік көлікке отырған жоқ. Содан бензинге кететін 568 мың 710 теңге үнемделді, - дейді Айтаханов.

Әбдірахымовтың өзі осы жылдың шілде айында әкім қызметінен босаған еді. Президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Қырымбек Көшербаев Әбдірахымовты халықтың үмітін ақтай алмады деп сынап, қызметтен сол үшін қуылғанын мәлімдеген болатын.

Ең қызығы, мемлекеттік қызметтен абыройсыз қуылған шенеунік тағы да мемқызметкер болып шыға келді. Қазір Әбдірахымов үкімет басшысы Асқар Маминнің кеңесшісі болып отыр.

Алайда Әбдірахмановтің өзі қазір елге көрінбей жүр. Бұрынғыдай пиар жоқ.

Baigenews.kz

1 Пікір Кіру