Тәжікстанға ДАИШ содырлары шабуыл жасады - на politic.bugin.kz
Асхат Қасенғали - на politic.bugin.kz Асхат Қасенғали

17 адам қаза тапты

Тәжікстанның әскери бекетіне сәрсенбі күні ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) содырлары шабуыл жасады. Оқиға тәжік-өзбек шекарасының маңында болған. Бетін қара бетпердемен бүркемелеген 20 содыр  № 4 "Ишкобод" жасағына шабуыл жасаған. 

Кескілескен ұрыс барысында сарбаздар мен милиционер қызметкері қаза тапты. Қоршауда қалған содырлар соңына дейін берілмей, атыс жүргізген. Шабуыл жасаушы 15 содыр қаза тауып, 5 баскесер қолға түсті. 

Оқиға орнында шұғыл тергеу қызметтері жұмыс жасауда. 

Алдын-ала мәлімет бойынша, содырлар Ауғанстаннан келген. Соңғы бес айда аталмыш аймақта содырлар саны еселеп артқаны байқалады. 


0 Пікір Кіру