Айгүл Орынбек: Шөкеев елдің қазіргі басшысы Тоқаев екенін ұмытып кеткен сияқты - на politic.bugin.kz
Күлтегін АСПАНҰЛЫ - на politic.bugin.kz Күлтегін АСПАНҰЛЫ

Билік Елбасының қолында

Белгілі қоғам белсендісі, құқық қорғаушы Айгүл Орынбек өзінің facebook-тегі жеке парақшасына Түркістан шаһарының туған күніне президент Тоқаевтың неліктен шақырылмағаны туралы ой қозғап, пікірін жариялады.

«Біз де екі билік жоқ» деп едіңіз, Берік Уәли?

Түркістан қаласының туған күніне Елбасы мен бүкіл министрлер келіпті. Ал президент Қасымжомарт Тоқаев жоқ! 
Сонда Түркістанның туған күніне президент Тоқаевты және кеңеске мүше болып кірген біздерді шақырылмасын деген бұйрықты кім берді екен?
Бұрын ешқандай той жиыннан қалмай шақыралатын едім, бұл жолы кеңеске кіргенім кедергі болды ма? Бізде әдет емес пе, біреудің бір нәрсесіне кірсең, командасы деп қосып қоятын! Тойы құрсын басты проблема Арыс халқының жыры ғой. Әйтеуір, Түркістанның туған күні тойланып кетіпті. Туған күн қалай өткенін қайдам, бірақ Елбасының алдында есеп беріп жүгіріп жүрген Шөкеевелдің бірінші басшы дәл қәзір Тоқаев екенін ұмытып кеткен сияқты ма? 
Сонымен Тоқаев Түркістанның туған күніне не үшін келмеді!? Аружан Саинды қабылдау үшін келе алмай қалды деу енді орынсыз!

«Арыс қаласын қатырып қойдық» – бәрі керемет деп есеп беріп, Арысқа пресс-тур жасапты. Мені гид қылып шақыру керек еді. Жақсылап тұрып арт ашу турын жасап берер едім. А айтпақшы біздің елде президент бар ма өзі? Арыс қаласына қашан келеді? Елбасының көрмей кеткен жерлерін көрсетейін! 

Әлде президент Тоқаев, Шөккевтен қорқа ма? Арысты мың жырласаң да мәселесі шешілмейді! Себебі біз де жемқорлыққа толған жүйе өзгерген жоқ! Билік Елбасының қолында! Маған қайта-қайта жазып көмек сұраудың қажеті жоқ, Арыстықтар! Тоқаевтың да шамасы жетпейді!


0 Пікір Кіру