Батыс: Белоруссияны Ресейден құтқару керек - на politic.bugin.kz
Мирас - на politic.bugin.kz Мирас

Украина мен Грузия сияқты

Батыс елдері Белоруссия Ресейдің құрамына қосылып кетуі мүмкін деп қорқып отыр. Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлайды.

Атап айтқанда, Польшаның сыртқы істер министрі Яцек Чапутович Мәскеудің Минскіге қысым жасап отырғанын мәлімдеді. 

- ЕуроОдақ үшін, Польша үшін Белоруссияның егемендігін қорғауымыз керек, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Оның айтуынша, егер Белоруссия мен Ресей одақтастығы күшейсе, Еуропаға қауіп төндіруі мүмкін. 

Сонымен қатар, АҚШ Қорғаныс министрінің бұрынғы көмекшісі Александр Вершбоутың айтуынша, Батыс саясаткерлері Белоруссия Украина немесе Грузия сияқты ЕО-мен жақындасу бағытын таңдайтынына сенімді. Алайда Минскімен қарым-қатынас орнатар кезде, абай болған жөн. Өйткені Ресейдің шамына тиіп кетуі мүмкін. 


0 Пікір Кіру