Тоқаев Путинмен кездеседі: Бірқатар құжатқа қол қойылады - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Қазақстан мен Ресей

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путин Омбыда кездеседі. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда "Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері" тақырыбын арқау еткен Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. 

Ақорданың баспасөз сайтының мәліметінше, форум аясында Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі. Сондай-ақ отырыста бірқатар құжатқа қол қойылады. Бұдан бөлек, президент жоғары технологияларға арналған көрмені аралап көреді.

Айта кетейік, форум 6-7 қарашада өтеді. Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, мемлекет басшыларының қатысуымен форумның пленарлық отырысы 7 қарашада сағат 14:00-15:00 аралығында болады.


0 Пікір Кіру