Тоқаев Омбыға барады - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Тоқаев пен Путин Омбыда кездеседі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңіраралық ынтымақтастық форумға президент ретінде алғаш қатысқалы отыр.

- Биылғы 7 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Омбы қаласында өтетін «Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері» атты Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады, - деп жазды Facebook-те президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Форум аясында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездеседі және бірқатар құжатқа қол қойылады, сондай-ақ, жоғары технологияға арналған көрмені аралап көреді деп жоспарлануда.

Айта кеткен жөн, бұл форумда Қазақстан мен Ресей арасындағы кейбір шешілмей келе жатқан проблемалардың шешімі табылуы мүмкін. Әсіресе, жанар-жағармай экспортына қатысты мәселелер талқылануы мүмкін. 

0 Пікір Кіру