Ердоған АҚШ-қа бармауы мүмкін - на politic.bugin.kz
Orash - на politic.bugin.kz Orash

АҚШ Конгрессі Түркияны санкциялау және армян геноцидін растауға дауыс берген

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Вашингтонға жоспарланған сапарын тоқтатуы мүмкін, деп хабарлады Reuters агенттігі. Бұған АҚШ-тың Өкілдер палатасы Түркияны санкциялау және армян геноцидін растау туралы дауыс беруі себеп болған. 

Кейінгі кездері Анкара мен Вашингтонның арасы салқындап кетті. Екі елдің арасындағы дау-дамайды шешу үшін Түркия президенті Ердоған АҚШ-қа іссапармен барып, Трамппен кездеспек. Алайда қазір бұл де белгісіз болып отыр. Ердоған АҚШ-қа бармауы да мүмкін. 

29 қазандағы тарихи дауыс беруде АҚШ-тың Өкілдер палатасы мүшелерінің басым көпшілігі Осман империясының армяндарға жасаған қырғыны геноцид екенін ресми мойындау туралы дауыс берген.

Бұл қадам Түркияны айыптау деп бағаланды. Бір ғасырдан астам уақыт бойы Түркия бұл көзқарасты жоққа шығарып келген.

Дәл сол күні Өкілдер палатасы Сирияның солтүстік-шығысына жасаған шабуылын жазалау үшін Түркияға қарсы жаңа санкциялармен қорқытып, Анкараға екінші рет соққы беретін көптеген заң жобаларын қабылдаған.

0 Пікір Кіру