«Ислам мемлекеті» көшбасшысының әпкесі ұсталды - на politic.bugin.kz
Plumeria - на politic.bugin.kz Plumeria

Қазір тергеуде

Түркия билігі «Ислам мемлекеті» террористік тобының (Қазақстанда тыйым салынған) жетекшісі Әбу Бәкір әл-Бағдадидің әпкесі ұстады, ал бұған дейін АҚШ Әбу Бәкір әл-Бағдадидің өлтірілгені туралы жариялаған болатын. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Расмия Авад Сирияның солтүстігінде Азаз қаласында қолға түсті. Онымен бірге оның күйеуі мен келіні қамауға алынды. Арнайы қызмет террористің туыстарынан лаңкестік ұйымның ішкі процестері туралы ақпарат алуға тырысуда.

2 қарашада АҚШ бастаған халықаралық терроризмге қарсы коалиция ИМ содырлары (Қазақстанда тыйым салынған) жасырынатын жер асты үңгірлерін қиратқаны туралы хабарлаған болатын.

Атап айтқанда, Ирактың Найнава провинциясында жалпы ұзындығы 400 метр болатын жерасты жолы жойылды. Содырлар оны баспана ретінде пайдаланды деген болжам бар: ішінен кереуеттер, пеш және жарықтандыру жүйесі табылған.


0 Пікір Кіру