Лукашенко: Қолға қару алып Ресеймен соғысамыз - на politic.bugin.kz
Асхат Қасенғали - на politic.bugin.kz Асхат Қасенғали

Белорусь елінің қосылуы жайында ой білдірді

Белорусь басшысы Александр Лукашенко Минск студенттерімен кездесу барысында көптеген сұрақтарға жауап берді. Ол ел экономикасы мен болашағы жайында да сөз етті. Белорусь елінің Ресейге қосылу мүмкіндігі жайындағы сұрақтарға да нақты жауап қатты. 

- Біз ғасырлар бойы соғысып, азаттыққа аз қан төкпей жеттік. Бұл - аса қасиетті ұғым, ең маңызды құндылық. Қазіргі таңда Лукашенко өз еркімен елді қосқысы келеді дейтіндер көбейді. Алайда ешқандай да елді қосу болмайды. Бізде тек одақтастық қана бар. Ресейге қосылу әңгімесін доғару керек. Ресей болсын, басқа болсын қосылу деген болмайды. Керек болса Ресеймен де, өзгемен де қолға қару алып соғыссақ та, біздің тәуелсіздікті ешкім ала алмайды. Бірақ түсініңдер. Ешқандай қосылу жайлы әңгіме жоқ, біздің елдердің арасында тек әріптестік пен достық бар, - деді ол өз сөзінде.

Соңғы уақытта Ресейдің Белорусь елін қосып алу жоспары жайында жиі айтылуда. 


0 Пікір Кіру