Шредингер мысығы: Теорияның мәні қандай? - на politic.bugin.kz
Гүлмира - на politic.bugin.kz Гүлмира

Шредингер мысығы теориясы

Біраз уақыттан бері естіп келе жатқан Шредингердің мысығы теориясы 1935 жылы дүниеге келген. Бұл теорияның өзі біршама қызық теория. Соңына дейін дәлелденбеген. Алайда әлі күнге дейін қолданыста жүрген нәрсе. 

Шредингер мысығы теориясы бойынша, күмәнді екі ойдың немесе шешімнің нәтижесі қорытынды шықпайынша, жария етілмейінше, тең дәрежеде, теңдей деңгейде болады. Осы ойды дәлелдемек болған Шредингер 1935 жылы қиялы эксперимент жасайды. 

Оқиға ұлы физик Альберт Эйнштейн мен Нильс Бордың пікірталасы мен дау-дамайынан басталған. Олардың екеуі де кванттық теорияның негізін қалаушылар және Нобель сыйлығының лауреаттары еді. Оған қоса, бір-бірін өте құрметтейтін болған. Бірақ та уақыт өте келе шындыққа деген көзқарастары түбегейлі өзгеріп, Эйнштейн Бор және оның ізбасарлары қорытып шығарған кванттық механика түсіндірмесінен бас тартты. Эйнштейн кез келген шағын бөлшек бір уақытта ерекше эксклюзивті күйде болады деп дәлелдеуге тырысты. 


Осы ойын дәлелдеу үшін Эйнштейн Нобель сыйлығының лауреаты Эрвин Шредингерге жүгінеді. Бор мен Эйнштейн екеуі жаңа идеяны талқылап, өздігінен жанатын бөшкеге арналған бос ұнтақты қарастырып көреді. Тәжірибе нәтижесінде ұнтақ жарылған жоқ. Дегенмен кванттық механикаға сәйкес, ол бір жыл уақыт өткен соң жарылуы тиіс. Эйнштейн Шредингерге «іс жүзінде жарылғыш және жарылмаған зеңбіректің арасында өтпелі жағдай жоқ» деп дәлелдейді. Шредингер эксперимент нәтижесімен келісіп, Энштейн жағына өтеді. 

1935 жылдың аяғында Шредингер Эйнштейн идеясын жақтап мақала жариялайды. Сонда мынандай ойша эксперимент өткізгенін айтады. Яғни, жәшіктің ішінде мысық пен радиоактивті материалды бірге салып, Гейгер есептішін қойған. Жәшік ішіне салынған бөлшек кішкентай болғандықтан, бір атомның ядросы бір сағатта ыдырауы мүмкін деп болжам жасалды. Егер реактив ыдыраса, мысық өледі, ал ыдырамаса, өлмейді. 

Сонда Шредингер бұл тәжірибенің нәтижесін былай деп түсіндірді: эксперименттің нәтижесі бір сағаттан кейін ғана белгілі болады. Ал оған дейін мысықтың жағдайы өлі де тірі де! Яғни, бір сағаттың ішінде мысық өліп те қалуы мүмкін, тірі де болуы мүмкін. Яғни, мысықтың екі күйі бірдей. 

Бірақ Бор мен оның ізбасарлары Шредингердің тәжірибесін жоққа шығарып, оны абсурд, қиялы нәрсе деп атады. 

Содан бері абсурд нәрселерді дәлелдеу үшін Шредингердің теориясын қолдануға тырысатындар көп. 

0 Пікір Кіру