Тоқаев күйеу баласын жаңа қызметке тағайындады - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Қарындасының күйеуі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күйеу баласы Теміртай Ізбастинді Қазақстанның Болгариядағы елшісі етіп тағайындады.

 - Мемлекет басшысының жарлығымен Теміртай Рымтайұлы Ізбастин Қазақстанның Болгариядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды, - делінген 1 қарашада жарияланған Ақорда хабарламасында.

 Ашық дереккөздеріндегі мәліметке сәйкес, 61 жастағы Теміртай Ізбастин - Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарындасы Қарлыға Ізбастинаның күйеуі. Ол 2009 жылы Қазақстанның Болгариядағы дипломатиялық өкілдігінің жетекшісі болып тағайындалған. Дипломатия саласында 1994 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Қазақстандық БАҚ 2013 жылы Тоқаевтың ұлы Тимур және Ізбастиннің ұлы Мұхамед Атырау облысында шикізат игерумен айналысатын "Аби Петролеум Кэпитал" мұнай компаниясының құрылтайшылары екенін жазған.

Азаттық

0 Пікір Кіру