Алматы облысы: Қызды алып қашпақшы болған жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Сот

Алматы облысында 17 жастағы қызды қалыңдық ретінде ұрламақ болған жігітің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Қазір 19 жастағы азаматтың үстінен Қылмыстық кодекстің 125 бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Оқиға Іле ауданында болған. Ал үстінен тергеу жүріп жатқан жігіт қызбен бұған дейін жүргенін айтып ақталып отыр. Ол екеуі де Жамбыл облысының тұрғындары. Ал бойжеткенді көлікке қарсылығына қарамастан күштеп отырғызып жатқанда қыз баланың көршісі келіп, арашалап қалған. 17 жастағы бойжеткен Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде білім алады.

«ҚР талаптарына сәйкес адам ұрлауға оқталу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктінің жауабына сәйкес ол қызды қалыңдық ретінде, яғни отбасын құру мақсатында ұрлағысы келгенін айтты», - деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілі Серік Үпиев.

inform.kz

0 Пікір Кіру