Түркия оппозициясы: Ердоғанның Вашингтонға бармағаны жөн - на politic.bugin.kz
Orash - на politic.bugin.kz Orash

Хатты қайтару үшін барақпысыз?

Оппозицияның негізгі жетекшісі сенбіде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның АҚШ-қа бармауын талап етті. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың оны Ердоғанға "ақымақ болма" деп хат жолдағаннан кейін, Ердоған Вашингтонға барамын деп шешкен еді, деп хабарлайды Түркияның "AhvalNews" сайты.

Трамп Ердоғанға бұл хатты 9 қазанда Түркия Сирияның солтүстігіне басып кіріп, АҚШ қолдаған күрд күштеріне шабуыл жасаған кезде жолдаған болатын. АҚШ президенті егер Ердоған операцияны тоқтатпаса, Түркия экономикасын күйретеміз деп қорқытқан еді.

- Сонда хатты апару үшін Вашингтонға бармақшысыз ба?! Дипломатиялық ережелерге сай келгенімен, Түркия елінің даңқы мен абыройына сай келетін жолмен жауап бергеніңіз ләзім, - деді Халық Республикалық партиясының көшбасшысы Кемал Кылычдароглу.

Түркия Сирияға басып кірген кезде, Трамп Түркияға қарсы санкция қабылдаған болатын. Кейін Ердоған әскери операцияны тоқтатқанда, санкцияларды алып тастаған еді. 

- АҚШ-тың Түркияға қарсы санкциялары Ердоғанға пайдалы, өйткені Ердоған жалғасып жатқан экономикалық дағдарысты АҚШ-қа жаба салады, - дейді оппозиция өкілі. 

 

0 Пікір Кіру