Түркияны қамтыған НАТО одақтастары әскери-теңіз жаттығуларын өткізуде - на politic.bugin.kz
Orash - на politic.bugin.kz Orash

Жаңа буын электрондық қорғаныс жүйеcін сынамақ

31 қазан күні НАТО одақтастығының веб-сайтында НАТО-ның 13 елі, оның ішінде Түркия да бар, электронды қорғаныс жүйесін сынау үшін әуе шабуылына және зымыранға қарсы қорғаныс жаттығуларына қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Түркияның "Daily Sabah" ақпараттық сайты.

"Әуе шабуылына және зымыранға қарсы қорғаныс жаттығуы Ұлыбританияның оңтүстік жағалауында өткізіліп жатыр және шамамен бір аптаға созылады" деп жазды басылым.

- Алты күннің ішінде одақтас әскери-теңіз күштерінің кемеге соққы жасайтын круиздер мен гиперсониялық ракеталардан қорғану үшін заманауи электронды қорғаныс жүйелерін қалай пайдаланатыны тексеріледі, - делінген НАТО-ның мәлімдемесінде. 

НАТО-ның ресми өкілі Оана Лунгеску:

- Бұл НАТО-ның электромагнит қорғаныс технологиясын сынап көрудің керемет жолы, - дейді. 

НАТО-ға мүше Бельгия, Канада, Дания, Франция, Германия, Италия, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Испания, Түркия, Ұлыбритания және АҚШ елдері әскери жаттығуға кеме, матрос, ұшақ пен басқа жабдықтарды жіберді.

НАТО-ның мәліметі бойынша, 2019-шы жылғы 5-ші қарашаға дейін жалғасатын операцияға 1500-ге жуық адам, алты кеме және сегіз ұшақ қатысуда.

0 Пікір Кіру