Латвия Григорий Лепстің елге кіруіне тыйым салды - на politic.bugin.kz
Алашұлы - на politic.bugin.kz Алашұлы

Латвия Григорий Лепс persona non grata деп жариялады

Латвия сыртқы істер министрі Эдгар Ринкевич ресейлік әнші Григорий Лепсті елге кіруге тыйым салынған адамдар тізіміне енгізді.

- Қауіпсіздік қызметтері мен көші-қон туралы заңға сүйене отырып, мен Ресей азаматы Григорий Лепсверидзені (әншінің аты-жөні - ред.) Латвия Республикасына белгісіз мерзімге кіруге тыйым салатындардың қатарына қосуды ұйғардым, - деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.

Мамыр айында Лепске Литваға кіруге тыйым салынды. Әншіге қарсы санкцияларды ішкі істер министрі Эймутис Мисиунас сыртқы істер министрі Линас Линкевичьюстың үндеуінен кейін енгізді.

0 Пікір Кіру