Ливан ағылшын елшісін өлтірген адамды өлім жазасына кесті - на politic.bugin.kz
Алашұлы - на politic.bugin.kz Алашұлы

Ливанда өлім жазасын қай жағдайда береді?

Таул Ливанның қылмыстық соты Uber такси жүргізушісі Тарек Хошиді Ұлыбритания елшілігінің қызметкері Ребекка Дайкесті зорлап өлтіргені үшін өлім жазасын кесті, деп хабарлайды Ан-Нахар Ливан.

Ұлыбритания елшілігі Ливан билігіне дипломатты өлтірген күдіктіні тауып, жазасын бергені үшін алғыс білдірді. Алайда британ билігінің өлім жазасын қолдануға қарсы екендігін айтты. 

Тергеушілердің мәліметінше, 2017 жылдың желтоқсанында 29 жастағы Uber жүргізушісі Тарек Хоши Ұлыбритания елшілігінің 30 жастағы қызметкері Ребекка Дайксты зорлап өлтірген. 

Ал полицейлер күдіктіні бақыла камералары арқылы тапқан. Оған бейнежазбаларды көрсеткен соң, кінәсін бірден мойындаған. 


0 Пікір Кіру