Асад Трампты «ең күшті президент» деп атады - на politic.bugin.kz
Plumeria - на politic.bugin.kz Plumeria

Трамп - ақжарқын адам

Сирия басшысы Башар Асад АҚШ лидері Дональд Трампты ел тарихындағы ең күшті президент деп атады.

Асад Трампты жақсы саясаты үшін емес, «барынша ашық» болғандықтан Американың ең жақсы лидері деп санайтындығын түсіндірді. 

 - Ол бәрін ашық түрде айтады. «Бізге мұнай қажет», «Біз осыдан құтылғымыз келеді», «Ақша берсең, осындай қызмет түрін көрсетеміз» дейді. Бұл - АҚШ-тың саясаты. Бәрін ашық түрде айтатын жаудан жақсы не бар? - деді Сирия басшысы.

Ол сондай-ақ, АҚШ президенттерін Нобель сыйлығына алаяқтықпен қол жеткізген «қылмыскерлер» деп атады.

Өткен жылдың мамыр айында Асад Америка басшысын айнымалы саясаткер деп атаған болатын.


0 Пікір Кіру