Ердоған: Түркияның лаңкес мемлекетті тоқтатқысы келеді - на politic.bugin.kz
Orash - на politic.bugin.kz Orash

Операция әлі аяқталған жоқ...

Түркия президенті 30 қазанда түрік әскерлерінің Сирияның солтүстігіндегі операциясы шекара бойындағы террор дәліздерін бұзып, террористік мемлекетінің (YPG / PKK) құрылуын тоқтату үшін жасалғанын айтты, деп хабарлайды Түркияның "Hurriyet Daily News" ақпараттық сайты.

Ердоған ел астанасы Анкарада өткен жиналыста:

- Ішкі және сыртқы жұмыстар аяқталған жоқ. Біздің «Бейбітшілік көктемі» акциясын бастауымыздың бірден-бір себебі - осы  дәлізді және террористік мемлекет орнатқысы келгендерді жою, - деді ол.  

Ол тағы да:

- Соңғы лаңкес өлгенге дейін операцияны тоқтатпаймыз. Қорқыту да, бопсалау да, қулық ойындар да бізді тоқтата алмайды. Бұл операция бүкіл әлемге Түркияның ерік-жігерін, әлеуетін және ұстанымын көрсетеді, - деп толықтырды ол.

0 Пікір Кіру