АҚШ: Қытай халқы коммунистік партия мен билікті жек көреді - на politic.bugin.kz
Асхат Қасенғали - на politic.bugin.kz Асхат Қасенғали

Қытай халқы бұл жүйеден мезі болды

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қытайға қатысты кезекті мәлімдемесін жасады. Ол бұл жолы Қытайдағы биліктік жүйені қатаң сынға алды. 

- Қытайдағы Коммунистік партия жүйесі халқы мен әлемге мүлде бөлек басқару моделін ұсынады. Бұл модель бойынша адамдар элита қалай ойлау керек болса, солай әрекет етуге мәжбүр. Бұл мен және шынайы демократтар қалайтын болашақ емес. Бұл жүйені қытай халқы да қаламайды. Олар шаршады, мезі болды және жек көре бастады. Шынайы тәуелсіздікті аңсайтын қытай халқы бұл жүйеге қарсы, - деді ол Хадсон институтында сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар ол Қытайда адам құқығының тапталуын, экономикалық қысым мен әділетсіздік жайлы да атап өтті.

0 Пікір Кіру