Мекенжай анықтамасы талап етілсе азаматтар қайда жүгіне алады? - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Еңбек заңнамасының бір талабы

Жұмысқа тұрар кезде немесе басқа жағдайда мекенжай анықтамасы талап етілсе азаматтар қайда жүгіне алады? Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры Бағлан Жалпошов жауап берді.

«Тұрғылықты мекенжай бойынша дискриминацияға жол берілмейді. Бұл – еңбек заңнамасының бір талабы. Азамат мекенжай бойынша дискриминацияға ұшыраса, яғни жұмыс беруші еңбек заңнамасында жоқ құжаттарды жұмыс іздеп келген азаматтан талап етсе, ол адам біріншіден, өз құқығын қорғау үшін сотқа жүгіне алады. Егер бұрыннан қызмет етіп жүрген жұмысшыдан мекенжай анықтамасы қайта сұралса, ол жергілікті еңбек инспекциясына арыз түсіре алады. Ондай инспекциялардың барлығы әкімдіктердің жанында жұмыс істеп тұр. Осыдан кейін тексеру негізінде жұмысшының құқығы қорғалады», - деді Бағлан Жалпошов бүгін Үкіметтің баспасөз орталығындағы брифингте.

Еске сала кетсек, бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әсемгүл Балташева елімізде мекенжай анықтамасы 1 қарашадан бастап жойылатынын мәлім еткен еді.

inform.kz

0 Пікір Кіру