АҚШ: Қытай мен Ресей одақ құра бастады - на politic.bugin.kz
Orash - на politic.bugin.kz Orash

Қатерлі одақ

Өкілдер палатасының бұрынғы спикері Қытай мен Ресей бірігіп жасаған әскери келісім пакеті АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне, сондай-ақ халықаралық қауымдастыққа «қауіп төндіретіндігін» ескертті деп хабарлайды "Express" сайты.

Трампты жақтайтын Ньют Гингрич егер Владимир Путин Қытай басшысы Си Цзиньпиңмен келісім жасаса, бұл Вашингтонға соққы болады деп мәлімдеді. Соңғы жылдары Мәскеудің мықты президенті атанған Путин Си Цзиньпиң мырзамен тығыз байланыс орнатты және екі ел Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде Батысқа қарсы шығып, бір-бірін қолдады. 

- Қытайдың көтерілуі «Америка Құрама Штаттарына көптеген жағынан күрделі сынақ болып табылады», бірақ егера аталмыш коммунистік мемлекет басқа елмен күш біріктірсе, оның әсері бүкіл әлемде сезілетін болады, - дейді Гингрич. 

Гингрич мырза АҚШ президенті Дональд Трамптың бейресми кеңесшісі болып табылады. Ол жақында «Трамптың Қытайға қарсы тұруы - Американың ең үлкен қауіпіне қарсы тұру» атты кітап жазған болатын.

Оның пікірінше, көптеген жылдардан бері Қытай мен Ресей коммунистік партияның ара қатынасы алыстап кеткен туыстары сияқты болып келген, бірақ бұл жағдай біртіндеп өзгеруде.

Соңғы жылдары Қытай мен Ресей ынтымақтастық аясында бірнеше әскери жаттығулар өткізді және өткен жазда Азия-Тынық мұхиты аймағында алғашқы ұзақ қашықтықтағы бірлескен әуе патрульін өткізді.


0 Пікір Кіру