Армян геноциді: Түркия АҚШ елшілігін елге шақырды - на politic.bugin.kz
Plumeria - на politic.bugin.kz Plumeria

Армения премьер-министрі Николай Пашинян бұл шешімді «тарихи шешім» деп атады

Түркия билігі АҚШ-тың Анкарадағы елшісін Дэвид Саттерфилдті Сыртқы істер министрлігіне шақырды. Себеп - АҚШ Конгресінің 1915 жылғы оқиғаны армян геноциді деп баға беруі. Бұл туралы Түркияның Anadolu агенттігі хабарлайды.

Бұған дейін АҚШ өкілдері палатасының 405 мүшесі армяндардың геноцидін тану туралы қарарды қабылдауға дауыс беріп, ал 11-і қарсы шыққан болатын.

Армения премьер-министрі Николай Пашинян бұл шешімді «тарихи шешім» деп атады.

Осман империясындағы армян геноцидін 23 ел, сонымен қатар Еуропалық парламент және Дүниежүзілік шіркеулер кеңесі мойындап отыр.


0 Пікір Кіру