Атырауда тағы да балықтар қырылып жатыр - на politic.bugin.kz
Құсқанат Айым - на politic.bugin.kz Құсқанат Айым

Атырауда балықтардың қырылуы тоқтар емес

Атырауда тағы да балық қырыла бастады. Бұл жолы алабұға, торман, қылышбалық секілді қара балықтардың қырылу дерегі Жұмыскер және Геолог ықшам аудандары маңында тіркелген, деп хабарлайды КТК.


«Қазіргі кезде экология департаменті тарапынан жоспардан тыс тексерістер басталды. Бұл бірінші орында «Атырау Су Арнасына» қатысты, «Атырау Су арнасына» тексеріс мүдделі  орындардың мамандары тартылып, қазіргі таңда су сынамалары алынды», - дейді Атырау облыстық экология департаменті бастығының орынбасары Қайратқали Хайрулла. Қазір өлі балықтарды жинаумен еріктілер айналысуда. Мамандар бұл жолы су жәндіктерінің қанша көлемде қырылғандығын нақты айта алмай отыр. Естеріңізге салсақ, балықтардың қырылуына себеп болуы мүмкін делінген өзге үш мекеме: «Атырау Жылу электр орталығы», «Жайық-Атырау бекіре балық өсіру»  және «Атырау бекіре балық өсіру» зауыттарына қатысты тексерістер енді басталады. Ал, осы уақытқа дейін орын алған деректер бойынша тексеріс қорытындысы желтоқсанның 28-і күні белгілі болмақ.

Дереккөз: kazinform.kz

Сурет: abctv.kz

0 Пікір Кіру