Қызылжардағы Тәуелсіздік мерекесін тойлауға 3 полицей ғана келген бе? - на politic.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на politic.bugin.kz Марғұлан Ақан

Автордың айтары бар

Видеоны Рамазан Стамгазиев ағамыздың парақшасынан көрдім. Бұл видеоға наразылық атқарушы билікке бағытталмауы керек деп ойлаймын. Неге?
1. Жүргізушілер қалың қыстық киімдерімен тұр. Суық дегеннің өзінде сыртынан бір әрекет жасап, бас киімдерін шешіп тұрар еді.
2. Ауа-райынан сағаттың тоғыз бола қоймағанын байқауға болады. Таңғы бозамық. Ресми іс-шара басталатын 9-10 болмаған сәт.
3. Полицейлердің қауіпсіздік үшін тұрғындардан ерте келетіні белгілі. Мысалы, екі күннен бері қоғам белсенділері таңғы шайын ішпестен бұрын полицейлер ауладан аңдып тұрды.
4. Қысқасы, бұл - дайындық. Концерт алдындағы репетиция. Видео авторы солтүстіктегі қазақтар тәуелсіздікті тойламайды деген жаңсақ пікір жасап, саяси хайп жасамақ болған. Бар болғаны осы, менің ойымша. Инстаграмдағы қолданушылардың бірі @kenzhitaevmedet

концерттің 11:00-де басталғанын жазды. Осы фактілер арандату екенін түсінуге сеп болып қалар.

P.S. Видео авторын шұғыл іздестіру қажет. Оның Қызылжар тәуелсіздікті тойламайды деген әңгімені таратуға тырысып, ұлттың ұлық мерекесін атап өтпейді деген теріс пиғылына сеніп қалмаған абзал. 16 желтоқсанмен бұлай ойнауға болмас. Құрығанда ескерту алуы керек видео авторы.

Манас Қайыртайұлы Facebook парақшасынан алынды

0 Пікір Кіру