Меркельдің мұрагері Ресей мен Қырымға қатысты мәлімдеме жасады - на politic.bugin.kz
Алашұлы - на politic.bugin.kz Алашұлы

Германия үндемей қалмайды

Христиан-демократиялық одақтың (CDU) басшысы Аннегрет Крамп-Карренбауэр Ресейдің Қырымды басып алуы жайлы ұстанымын айтты. 

Кромб-Карренбауэр Берлин Мәскеумен тату көршілік қарым-қатынас орнатуға ұмтылатындығын атап өтті. Дегенмен Ресейдің түбекті басып алуы халықаралық заңнамаларға қарсы екендігін де айтып өтті. 

- Германия үндемей отыра алмайды. Мұның заңбұзушылық екендігін айтуымыз керек, - деді ол Германияның Саарбрюккендегі жастар одағының конференциясында.

Ресей мен Батыс елдері арасындағы қарым-қатынас Украинадағы және Қырым төңірегінде болған жағдайларға байланысты нашарлап кетті. Батыс Мәскеуді араласып отыр деп айыптап, оған қарсы санкциялар салды. 

Дегенмен соңғы кездері ЕО-да Ресейге қарсы санкцияларды алып тастауға шақырулар жиілеп кетті. Кәсіпкерлер шектеу шаралары ең алдымен Еуропа елдерінің экономикасына зиян тигізетінін айтады.

0 Пікір Кіру