Түркия Сирияға әскерлерін енгізді - на politic.bugin.kz
Әйгерім - на politic.bugin.kz Әйгерім

Түркияның әскери операциясы басталды

Сирияның солтүстігінде әскери дайындық өткізіп жатқан Түкрия әскерінің жартысын Сирияға кіргізіп жіберді. Бұл туралы Bloomberg агенттігі түрік дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Оның ақпаратына қарағанда, түрік әскері Сирия шекарасына қарай 9 қазан күні таңертең жылжып, Ракка мен Хасеке провинциясына таман беттеген. Ал күрд қарулы күштері болса, сақадай сай отыр.  

Дегенмен, түрік шенеунігінің Reuters-ке берген түсініктемесінде әскери операцияның әлі басталмағанын айтқан. 

- Анкара әлі де оған дайындық жүргізіп жатыр, бірақ күштерді өрістету аяқталды, - деп қосты ол.

Ал Түркияның сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу түрік әскерлері Сирияға кіретін болса, жақын жатқан елдердің барлығына бұл жайында хабар берілетінін айтып өтті. Әсіресе, Дамаскке ескерту жасалатын көрінеді. 


0 Пікір Кіру