Қазақстандық әскери шенеунік 7 жылға сотталды - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Сонымен қатар ол әскери атағынан өмір бойына айырылды

Олар жеке компания директорынан орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және алдағы уақытта да көрсететін көмегі үшін 300 мың теңге көлемінде пара алған.

Батыс Қазақстанда пара алған Ұлттық ұлан командирінің орынбасары 7 жылға сотталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің дерегінше 55-те 17 әскери бөлімі командирінің тыл жөніндегі орынбасары майор Омаров және киім-кешек қызметі бөлімінің бастығы лейтенант Қыдыров пара алды деп күдікке ілінген. Олар жеке компания директорынан орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және алдағы уақытта да көрсететін көмегі үшін 300 мың теңге көлемінде пара алған. Күні кеше Ақтөбе гарнизоны әскери сотының үкімімен Омаров пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ал Қыдыровқа 6 млн теңге сомасында айыппұл төлеу жазасы кесілді. Сотталғандар мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан, сондай-ақ әскери атақтарынан өмір бойына айырылды.

inbusiness.kz

0 Пікір Кіру