Тұрғымбаев Біләловты қызметінен шеттетті - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Полиция департаментінің басшысы қызметінен кетті

Ақмола облысы полиция департаментінің басшысы Берік Біләловтың орынбасары жемқорлыққа барды деген күдікке ілінді.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Ақмола облысы полиция департаментінің басшысы Берік Біләловты қызметтік міндетін атқарудан шеттетті. 

ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Біләловтің қызметтен босату туралы баянат беруіне орынбасары Асан Садуов пен полиция департаментінің қаржылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Сәуле Жұмалинаның жемқорлыққа барды деген күдікке ілігуі себеп болды. Қазір оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. ІІМ басшысының бұйрығымен оның міндеті уақытша ІІМ криминалдық полиция департаментінің басшысы Арманбек Баймурзинге жүктелді.



0 Пікір Кіру