Қазақстандықтарға жеке куәлігін ауыстыру ескертілді - на politic.bugin.kz
Қаракөз Амантай - на politic.bugin.kz Қаракөз Амантай

Ауыстыру туралы онлайн тапсырыс беруге де болады

ҚР ІІМ өкілдері қазақстандықтарға ескірген жеке куәліктерді ауыстыру керектігін ескертті.

2009 жылдан бері Қазақстан Республикасында азаматтарға жеке құжатын растайтын электронды ақпарат чипі орнатылған биотметрлік құжаттар берілді. Халықаралық стандарттарға сәйкес, олар он жыл қызмет етеді, сол себепті келесі жылы мерзімі аяқталуына байланысты оны ауыстыру қажет.  Құжатты республиканың кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығында ауыстыруға болады. Сонымен қатар, ауыстыру туралы онлайн тапсырыс беруге де болады. 

"Сонымен бірге ескірген құжатты жаңасына ауыстыру үшін ХҚКО-ға бармай-ақ, "электронды үкімет" порталы арқылы (3,5-те - 4,5 сантиметр сандық сурет және сканерден өткен қолтаңбаны графикалық файлмен жіберуге болады) сұраныс жіберуге болады. Ыңғайлы болу үшін осы құжаттарды мерзімі аяқталуына бір ай қалғанда жіберуге болады", - деді ҚР ІІМ баспасөз қызметінің өкілдері.

0 Пікір Кіру