Әзірет Сұлтанның түбіндегі еврей қорымын не істейміз? - на politic.bugin.kz
Марғұлан Ақан - на politic.bugin.kz Марғұлан Ақан

Мемлекеттік мәселе

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың назарына!

Қамшы ақпарат көтеріп отырған мәселеге бей-жай қарамау керек. Бұл мәселені облыстық әкімшілік алдағы уақытта назардан тыс қалдырмайды  деп сенеміз.

Таяуда облыс орталығы статусын алған  қасиетті Түркістандағы Әзірет Сұлтан  мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне тиесілі аумақта  ежелден еврей қорымы орналасқан. Жүрмеген жері, бармаған елі жоқ Мұса пайғамбардың үмбеттері  басқа жер таппағандай, өлісінің сүйегін  хақ мұсылман үшін қасиетті кесененің нақ түбіне әкеп жерлепті.

Болашақта түркі әлемінің орталығы болатындықтан,  енді әлемге әйгілі Қожа Ахмет кесенесі маңайын кеңейту әрі көркейту жұмыстары қызу қолға алынатыны белгілі. Кесене  төрт тараптан да түгел  көрініп тұру үшін оған баратын көшелердегі тұрғын үйлерді бұзу, тұрғындарын басқа жаққа көшіру жедел қолға алынатыны айқын. Оның бәріне жергілікті тұрғындар түсіністікпен қарайтынына сенімдіміз. Бірақ, Қожа Ахмет қорық-музейіне тиесілі аумақта орналасқан еврей қорымын қайтпекпіз?  Еліміздегі еврей мәдени орталығына салсаң, оны олар мәдени мұра ретінде қалдырғанды қалайтыны хақ. Және оны ұстап тұруға  ақша табатыны да айқын. Ал қорымды көшірсек,  оған не дейді? Әлемді билеп отырған  еврейлер ертең шу-шұрқан  шығармай ма? Алыстағы Израильге дейін  жалтақтап жүрмейміз бе? Осы мәселені, «өгіз де өлмейтіндей, арба да сынбайтындай» етіп,   ертерек тып-тыныш шешіп алу керек секілді. Біздіңше, ол иудей     қорымы қалай да басқа жаққа көшірілуі керек.

Түркістанға еврейлердің қай заманда табан тірегенін анық білмейміз. Мүмкін  Самарқант жақтан Әмір Темірмен ілесіп келді ме, әлде Түркістан Қоқан хандығына қараған тұста келді ме екен? Әйтеуір көне көздер шаһарда еврей кварталы мен синагога біз есімізді білетін кезден бар дейді. Жергілікті еврейлер шаштараз, етікші, тігінші болыпты.  Бірақ  бәрі ауқатты тұрған деседі. Моласына дейін тас дуалмен қоршап тастаған. Осы еврей қорымынан 1975 жылы темір табыттан  яһудилердің  қасиетті кітабы Тәурат (Тора) табылып, ел-жұрт бір дүрліккен. Басында оның Тәурат екенін  білмеген. Ұзындығы 26 метрлік, ені 60 сантимерлік  теріге қай тілде жазылғаны белгісіз көне қолжазба табылғаны туралы хабар Қазақстанды билеп тұрған  Қонаевтың  да құлағына жетеді. 1976 жылы Мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері Едіге Тұрсыновты Алматыдан арнайы іссапарға жібереді. Оған Шымкенттен ғалым Бауыржан Байтанаев бастаған топ қосылады.  Комиссия тексере келгенде қолжазбаның көне иврит тілінде жазылғаны анықталып, ары қарай ленинградтық ғалымдар оның ХII ғасырға жататын тарихи аса маңызды Тәурат кітабы екенін анықтап, зерттеуге кіріседі.


2000 жылдары Түркістаннан тағы да еврейдің ескі кітаптары табылған. Сөйтсе, 1998 жылы  Израиль мен Америкаға көшкен  Бұхар еврейлерінің соңғы толқыны  қасиетті кітаптары мен түрлі құжаттарын  әлгі яхудилердің моласына  көміп кетіпті. Сірә, кеденнен бәрібір өткізбейді десе керек. Қатты жауған жауыннан қорымды қайбір жылы су басқанда, әлгі көмілген кітаптардың шет-жағасы көрініп қалады да, тауып алған күзетші оларды Әзірет Сұлтан музейінің кітапханасына  сақтауға өткізіпті. Қазір музей қорында болса керек. Еліміздегі еврей мәдени орталығы «кітаптар қасиетті салт бойынша көмілгендіктен тиіспеу керек еді» дегені болмаса, басқадай шара қолданбапты.

Түркістандағы еврей қорымына негізінен  Бұхар еврейлері жерленіпті. Соғыс кезінде келген польшалық еврейлер де, кентаулық еврейлер де өлген соң осында қойылыпты. Еврейдің ескі салты ойынша еркек пен әйел қатар жерленбейді. Ол салттың  сақталған-сақталмағанын білмейміз. Жылда әлемнің әр түкпірінен еврейлер осы молаға кеп тәу етіп кететін көрінеді. Мұнда соңғы еврейдің жерленгеніне білкім. бәлкім, елу, бәлкім, қырық жыл өткен шығар.  Мұсылман  заңы бойынша, сүйек қураған отыз жылдан соң халық қажеті үшін  моланы көшіріп, орнына қала салуға болады. Яғни еврей  қорымы көшірілсе, шариғатқа шет емес.

Түркістаннан қазір тірі еврей таппайсыз. Туристер болмаса.  Әйдік құлпытастары жарқыраған қорымы  туралы  білгенімізді айттық. Алматының Райымбек көшесінде  жасыл-желекті  жерде орналасқан еврей қорымында жөйіттердің бір әулиесі жатқан көрінеді, соған  әлемнің әр түкпірінен иудейлер кеп табынып жатады екен. Сол секілді, Қожа Ахметтің нақ жанындағы еврей қорымынан да жөйіттің бір әулиесі табылып, түбінде бір жағына мұсылмандар, бір жағына еврейлер тәу ететіндей, ортасына Палестинадағыдай қабырға тұрғызылып жүрмесе болғаны да. Айтқан жерден аулақ, әрине...

Төреғали ТӘШЕНОВ


0 Пікір Кіру