Ғабидолла Әбдірахымов жаңа қызметке тағайындалды  - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Кеңесші

ҚР Премьер-Министрінің Өкімімен Әбдірахымов Ғабидолла Рахметоллаұлы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Ғабидолла Әбдірахымов 1975 жылы туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін бітірген, «Болашақ» бағдарламасымен неміс мемлекеттік басқару жоғары мектебінде оқып, мемлекеттік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алды. 

Түрлі жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігін, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігін басқарған. ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары, ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің басшысы, «Нұр Отан» партиясының хатшысы лауазымдарын атқарған. 2015-2017 жылдары, сондай-ақ 2018-2019 жылдары Шымкент қаласының әкімі болып жұмыс істеді. 

0 Пікір Кіру