114 849 жеке тұлғалардың өсімпұлы есептен шығарылды - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Президент жарлығы жүзеге асырылды

Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегіне дейін 2,9 млрд. теңгеге жуық қарыздың негізгі сомасын төлеген 114 849 жеке тұлғалардың 688,3 миллион теңге көлемінде өсімпұлы есептен шығарылды.

Аталмыш шара Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 26 маусымдағы «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлығына сәйкес жүзеге асырылды. ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлайды. Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегі бойынша, қазіргі уақытта 1,4 миллионға жуық адам рақымшылыққа ілігіп, 13,9 миллиард теңге көлеміндегі қарыздың негізгі сомасын төлеген жағдайда, 6,3 миллиард теңге көлемінде өсімпұл есептен шығарылады.

«Үкіметтің халықтың жағдайын жасап, қарызын азайту мақсатында жасап жатқан рақымшылығы аз емес. Мәселен, 2019 жылдың соңына дейін шағын және орта бизнес өкілдерінің 210 миллиард теңге негізгі берешегін төлеген жағдайда 123 миллиард өсімпұлын, 7 миллиардқа жуық айыппұлын кешірсе, қарапайым халықтың мүлік, жер және көлік құралдары салығына 14 миллиардқа  жуық негізгі берешегін төлеген жағдайда 6 миллиардтан астам өсімпұлын кешіреді. Осындай қомақты соманы кешірім жасаудың өзі халыққа жасалған үлкен қамқорлық. Осы мүмкіндікті пайдаланып қалу керек» деді ҚР ҚМ МКК Жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы Олжас Отар. Салық қарызын мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz ресми сайтында

«Салық қарызының болуы/болмауы туралы ақпарат» бөлімінде тексеруге болады. Салық төлеуші өзінің ЖСН-н енгізсе болды, өзінің салықтық қарызы туралы мәліметтерді ала алады.

0 Пікір Кіру