Сирияда соғыс аяқталды: Ресей СІМ мәлімдеме жасады - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Сирия бейбіт күнге оралуда

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Сирия бейбіт күнге оралуда, ел аумағында жекелеген шиеленіс ошақтары ғана сақталып отыр деп мәлімдеді.

"Сириядағы соғыс шынымен аяқталды. Ел біртіндеп қалыпты, бейбіт өмірге оралуда. Жекелеген шиеленіс ошақтары Сирия үкіметінің бақылауында емес, мысалы, Идлиб және Евфрат өзенінің шығыс жағалауында ғана сақталып отыр", - деп РИА Новости Сергей Лавровтың сөзінен үзінді келтірді.

Ол қазіргі жағдайда бірінші кезекте Сирияға гуманитарлық көмек көрсету және "дағдарысты шешуге арналған саяси процесті ілгерілету" қажет екенін атап өтті.

Ол Ресей Сирия жақтастарымен, оның ішінде оппозициямен тұрақты байланыстарды қолдауға ерекше назар аударатынын, сондай-ақ Сирия қоғамының барлық тобын саяси процеске қатысуға шақыратынын мәлімдеді.

"Жалпы, Ресей Сирияның егемендігін, аумақтық тұтастығын қалпына келтіруді, кең етек алған терроризмнің зардаптарын тез арада жоюды, барлық сириялықтың Отанына және елдің өзі "араб отбасына" оралуын қолдайды, бұл Таяу Шығыстағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа кепілдік береді", - деді Лавров.

Сириядағы қарулы қақтығыс

Республикада соғыс 2011 жылдан бері жалғасып жатыр. 2015 жылдың тамызында президент Башар Асад Ресейден әскери көмек көрсетуді сұрады. Сол жылдың 30 қыркүйегінен бастап Ресей әуе күштері террористердің инфрақұрылымына әуе шабуылдарын жасады.

2017 жылдың соңында "Ислам мемлекеті" * жеңіліс тапқаны жарияланды. Қазір саяси реттеу, елді қалпына келтіру және босқындарды оралту басты назарға алынды.

sputniknews.kz

0 Пікір Кіру