Қасым-Жомарт Тоқаев Alibaba-ның негізін қалаушы Джек Мамен кездесті - на politic.bugin.kz
Plumeria - на politic.bugin.kz Plumeria

Джек Ма өмірде жиған тәжірибесін қазақстандықтармен бөлісуге дайын екендігін жеткізді

Танымал қытайлық кәсіпкермен әңгімелесу барысында әлемдік экономиканың өзекті мәселелері, кәсіпкерлік пен электронды сауданың даму болашағы туралы пікір алмасты деп хабарлайды Toppress.kz.

Мемлекет басшысы Джек Маны Қытай Халық Республикасының 70 жылдығымен және «Alibaba Group» компаниясының құрылғанына 20 жыл толуымен құттықтап, біздің елдеріміздің стратегиялық әріптестігінде қазіргі заманғы технологиялар саласындағы байланыстардың маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

- Мен сіздердің Қазақстанды қолдағыңыз келетіндігіңізді жоғары бағалаймын. Бізде цифрлық экономика саласындағы Қытай мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық дамиды деген стратегиялық келісім бар және біз сіздің қатысуыңызға мүдделіміз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде әлемнің ең бай адамдарының бірі Джек Ма бірнеше рет Қазақстанда болғанын және оған еліміздің мәдениеті мен тұрғындары үлкен әсер еткенін атап өтті. Ол өз тәжірибесімен қазақстандықтармен бөлісуге дайын екендігін растады.

«Alibaba Group» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Юн Мемлекет басшысына интернет-сауданың жаһандық көшбасшысының тарихы мен қызметі, сондай-ақ компанияның дәстүрлері, болашаққа арналған жоспарлар мен электрондық коммерцияның жаңа трендтері туралы бөлісті.

 

 


0 Пікір Кіру