Қырғызстандағы дүрбелең: Өзбек әскері қырғыз елінің су қоймасын қоршауға алды  - на politic.bugin.kz
Бота Куанышбекова - на politic.bugin.kz Бота Куанышбекова

Өзбекстан Республикасы Қырғызстанмен шекарадағы Керкидан су қоймасының маңына әскерлерін орналастыруда

10 қыркүйектен бастап Өзбекстан Республикасының әскери қызметшілері Керкидан су қоймасы аймағында қырғыз-өзбек шекарасы учаскесінде қоршаулар орнатуды бастады. Қырғыздар қоршауларды орнату заңсыз деп есептеп, митинг өткізетін жерге жиналды.

Керкидан ауылының тұрғындары өзбек әскерінің қоршауды орнатуына наразылықтарын білдірді.

Алайда Ош облысының әкімі Құрманбек Айтыбаевтың айтуынша, аймақтағы жағдай тұрақты, қауіп-қатер жоқ. Әкімнің сөзіне қарағанда, су қоймасының маңына жиналған өзбек әскерилері өздерінің жерін ғана қоршауға алған, қырғыз жеріне аяқ басу жайлы ойы жоқ. 

- Бұл - жер тиісті ведомстволар жүргізген екіжақты келіссөздер барысында шешілген мәселе. Бірақ шекара белгілері әлі орнатылмаған... Құқық қорғау органдары бұған дейін халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, адамдар тарады, - деді Айтбаев.


0 Пікір Кіру