АҚШ Ауғанстаннан жеңілді - на politic.bugin.kz
Мирас - на politic.bugin.kz Мирас

Енді Ауған жерінен кететін шығар

АҚШ-қа Ауғанстандағы соғыста жеңілгенін мойындайтын кез келді. Халықаралық қатынастармен айналысатын Гарвард университетінің профессоры Стивен Уолт Foreign Affairs басылымына берген мақаласында осылай деп жазды. 

Сарапшы АҚШ елінің 18 жылға созылған соғысқа миллиардтаған доллар құртып, мыңдаған адамның өмірін жалмады.

- Біз бейбіт шарт жасадық, Ауғанстанда сайлау ұйымдастырдық деп өз-өзімізді жұбатуға тырысамыз. Алайда шындық біреу ғана: АҚШ Ауғанстаннан жеңілдік, - деп жазады Уолт.

Оның айтуынша, АҚШ үкіметі жеңілгенін, үлкен стратегиялық сәтсіздікті тап болғанын барынша жасыру үшін түрлі келісімге келгенін, талқылаулар өткізгенін айтып, шындықтан жалтаруда. 

- Бұл - саяси жеңіліс. Әскери жеңілістің қатысы жоқ. Бұл - сыртқы күштердің ел ішіндегі шаруаларға, оның тағдырына араласа алмайтынын дәлелдеп берген жеңіс, - деп атап өтті. 

0 Пікір Кіру