Тоқаев Ли Чжаньшумен кездесті: Қандай мәселе талқыланды - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Қандай мәлімдемеге қол қойылды?

Мемлекет басшысы ҚХР Бүкілқытайлық халық өкілдері жиыны тұрақты комитетінің төрағасы Ли Чжаньшумен кездесті. 

Кездесу барысында Қазақстан мен Қытайдың парламентаралық ынтымақтастығы жайы талқыланды. Екі тарапта аталмыш қарым-қатынастың жұмысын оң бағалады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Чжаньшуды ҚХР-дың 70 жылдық мерекесімен құттықтап, Қытайға мемлекеттік сапары барысында жасалған өзара тиімді уағдаластықтар жөнінде айтты. 

– Кешегі келіссөздер сәтті өтті. Қытай Қазақстанның үлкен көршісі. Сондықтан біз екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастығымызды ескере отырып, Төраға Си Цзиньпинмен Бірлескен мәлімдемеге қол қойдық. Онда біздің әріптестігіміз стратегиялық және ұзақ мерзімді мәнге ие екені көрсетілген. Бұл сапарымның қорытындыларына қанағаттануға барлық негіз бар,– деді Президент.

0 Пікір Кіру