Елордада арнайы операция кезінде қылмыстық топ ұсталды – ҰҚК мәлімдеме жасады - на politic.bugin.kz
Bugin.kz - на politic.bugin.kz Bugin.kz

Қылмыстық топ бизнесмендерді қорқыту арқылы ақша мен мүлік бопсалап келген

Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операция өткізіп, рэкетпен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті арнайы операция кезінде этникалық қылмыстық топтың мүшелерін қолға түсірді. Олар көп уақыттан бері бизнесмендерді қорқытып, ақша мен мүлік бопсалап келген. 

"10 қыркүйекте елордада арнайы операция өткізіліп, қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелері кәсіпкерден ойдан шығарылған қарызын қайтару үшін "Toyota" автокөлігін қорқытып алу кезінде ұсталды", - делінген комитеттің ресми хабарламасында.

Топ мүшелерін ұстау кезінде 11 оқ-дәрісі бар "Макаров" тапаншасы және 5 оқ-дәрісі бар травматикалық тапанша тәркіленді.

Ұсталғандар Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


0 Пікір Кіру