Ұлы даланың жеті қыры туралы  - на politic.bugin.kz
Хасен Ұлжан - на politic.bugin.kz Хасен Ұлжан

Жолдауды оқыған әрбір Қазақстан азаматы мол мұраны, өшпес тарихты бойына тағы бір мәрте қалыптастырды деп сенемін!

Әрине.Тарихы, тамыры бар ел, ел болып қалыптасады. Ия, ол бәрімізге анық. Егеменді мемлекет болып қалыптасқанға дейін қиында, сан тараулы тарихы болады. 

Ал, ертеңгі күні не болмақ? Өз егемендігін нық ұстап тұра алады ма? Жол сілтер көшбасшысы елін қуаттандыра ала ма? 

Осы орайда әрбір қазақ Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты мақтана айта алады. 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейінгі еліміздің жиырма алты жылғы төл тарихы бар. Биыл егеменді ел болғанымызға жиырма жеті жыл толады.

Әрине, Елбасының бастауымен, қалыптастырған дара жолы, дара тарихымен. Осы жылдар арасында мемлекетіміз қандай жетістікке, неге қол жеткізді?...Айта берсек өте ұзақ. Себебі әрбір жылдың өз тарихы бар.

Соның бірі –  Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" жолдауы дәлелдейді. Бұл мақала осыдан бір жыл бұрын жарық көрген "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру " бағдарламасының жалғасы болып табылады.

Жалпы жеті саны киелі сан екені санамызға сіңіп қалған. Елбасы жолдауын киелі санмен байланыстыруын да үлкен мән жатыр деп ойлаймын. Осы қасиетті жеті санның жеті кереметін мен де оқып шықтым.


Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мақаласын: Кеңестік барлық нәрсенің, ал уақыт - бүкіл оқиғаның өлшемі,- деп бастапты. Мақаланың бірінші тармағында:

1.Атқа міну мәдениеті;

2.Ұлы даладағы ежелгі металлургия;

3.Аң стилі;

4.Алтын адам;

5.Түркі әлемнің бесігі;

6.Ұлы Жібек жолы;

7.Қазақстан- алма мен қызғалдақтың отаны.


Ал, екінші тармағында: 

1. Архив- 2025;

2.Ұлы даланың ұлы есімдері;

3.Түркі әлемнің генезисі;

4.Ұлы даланың ежелгі өнер мен технологиялар музейі;

5.Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы;

6.Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі,- бастау алған.


Мен әрқайсысына жеке тоқталуды жөн көрмедім. Себебі,мақала жарық көргеннен бастап қызу талқу үстінде. Мектеп, жоғарғы оқу орындарына да бірнеше сағат берілген. Мақала мен таныстық, мақсатын түсіндік,әрбіріміз өз ойымызды білдірдік.


Жалпы, мақаланы оқығандағы өз сезімім: қазақ елінің азаматшасы болғаным үшін кеудемді мақтаныш кернеді, әр тармағы рухани байлық сыйлады. Әлем халықтары көз тіккен,қызыға қараған дүниелері біздің ұлы даламызда орын алған.

"Ұлы даланың жеті қыры" мақаласы қазақ халқының өзге халықтардан ерекшелігі мен артықшылықтарын айтарлықтай көрсеткен.Сананы селт еткізер,серпіліс берер мағынаға толы.

Демек, бұл жолдауды оқыған әрбір Қазақстан азаматы мол мұраны, өшпес тарихты бойына тағы бір мәрте қалыптастырды деп сенемін!

Өз сөзімді тарихы мол, тұғыры биік мемлекет болып асқақтай берсін! - деп аяқтаймын 

1 Пікір Кіру
  • Aruzhan 09 Желтоқсан, 2018

    Президентіміздің керемет мақаласын. Жақсы жазыпсыз. Сіздің муақалаңызды оқып елбасымыдың осы тақырыпты неге қозғағандығы туралы үлкен ой толғау жүргізіп, өте керекмет шешімге келдім. Үлкен алғыс білдіремін. Өнеріңіз асқақтай берсін.