Абаев: "Арыс қаласын қалпына келтіру - бұрын-соңды болмаған ерлік" - на politic.bugin.kz
Alisher - на politic.bugin.kz Alisher

Абаевтың ойынша, мемлекет өзі былықтырған мәселені шешкені - ерлік

"Ағайындарға" ренжіп қалған Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Открытый диалог» бағдарламасына тағы бір сұхбат берді. Сұхбатында қазақстандықтардың көңілін толғандырып жүрген, соңғы уақытта болып жағдайларға қатысты пікір білдірді. 

Арыс, Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы, мектеп оқушыларының сыныптарды тазалауы және Ұлттық сенім кеңесінің алғашқы отырысы туралы айтып берді. Соның ішінде Арыс қаласын қалпына келтіру туралы пікірі ақпарат министрлігінің емес, ақпараттандыру комитетінің кезекті түсіндірмесі мен әспетінің бір бедері сынды көрінді. 

- Қазір қаладағы қалпына келтіру жұмыстары 99%-ы аяқталды, үлкен жұмыс жасалды. Арыс қаласын қалпына келтіру деген ерлік деп санаймын. Үш айдың ішінде бүкіл қала қалпына келтірілді, - деді Дәурен Абаев. 

Иә, Абаевтың ойынша, мемлекет өзі былықтырған мәселені өзі шешкені - ерлік. Министр Арыс қаласын қалпына келтіруге ең жоғары лауазымды шенеуніктер қатысқанын айтып өтті. 

Оның айтуынша, Елбасы мен президент жұмысты мүмкіндігінше тиімді, сапалы жүргізуге жеке-жеке тапсырма берді, ал премьер-министр құрылыс барысын алты-жеті рет бақылауға келді. 

- Кәсіпкерлер де атсалысып, қолында бар қаражатымен үйлерді жөндеуге көмектесті. Құрылыс алаңдарында еліміздің әр аймағынан келген еріктілер жұмыс жасады. Әскери құтқарушылар, жергілікті тұрғындар – ешкім қалмады. Қала бұрынғыдан да көркейе түсті. Мұның бәрі кез-келген міндеттерді тиісті түрде шеше алатындығымызды білдіреді, - деді ол.

0 Пікір Кіру